Қоғам тарапынан ішкі істер органдары жұмысының ашықтығын және бақылануын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы" интернет-порталы құрылды, онда елде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар белгіленеді.
"Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы" интернет-порталының негізгі ақпараттық көзі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер болып табылады. Картадағы ақпарат қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеу туралы мәліметтерді СДТБТ-ға енгізгеннен кейін 3-4 минут өткен соң көрсетіледі.