4 мамыр күні Ю.А.Гагарин атындағы №14 орта мектепте «Ұлтаралық қақтығыстар: түрлері, себептері және шешу жолдары» тақырыбында дәріс өткізілді.
4 мамыр күні Ю.А.Гагарин атындағы №14 орта мектепте «Ұлтаралық қақтығыстар: түрлері, себептері және шешу жолдары» тақырыбында дәріс өткізілді.
Шара мектеп ұжымына этносаралық қарым-қатынастарды насихаттау және білім беру ортасында бейбітшілік пен келісім мәдениетін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Дәрісті Петропавл қаласындағы діндер және ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, № 4 орта мектептің директоры Қаратаева Сәуле Бағитқызы оқыды. Сәуле Бағытқызы ұлтаралық қақтығыстардың туындау себептерін, олардың типологиясын нақты және терең ашып көрсетіп, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу және бейбіт жолмен шешудің практикалық жолдарын ұсынды.